СҚО: 25 адам отырған автобус аударылды
Солтүстік Қазақстан облысында автобус апатынан бір адам жараланды. 25 жолаушы мінген қоғамдық көлік Петропавл - Имантау тас жолында аударылған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
19.12.2023
52 жастағы жүргізуші көктайғақтың кесірінен тізгінге ие бола алмай қалыпты. Салондағы 25 адамның біреуі зардап шеккен. Ол Қызылжар ауруханасына жеткізілді. Ал автобусты тәртіп сақшылары арнайы техникамен жабылып жүріп сүйреп шығарды. Қазір тас жол көк мұзға айналған. Себебі Солтүстікте 40 градусқа дейін аяз болып, күн күрт жылынып, жолда жүру қиындаған.
Малина Ерғалиева, СҚО ПД баспасөз хатшысы:
— Ауа райы күрт өзгеріп, қатты боран соғып, тайғанақ күтілуде. Осыған байланысты жүргізушілерді жолда мұқият болуын сұраймыз. Яғни өздеріңізбен бірге жылы киім және алғашқы көмек көрсететін заттарды бірге алып жүрулеріңізді сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!