Тараздағы жалғыз жылы аялдама жабылуы мүмкін
Тараздағы жалғыз жылы аялдама жабылуы мүмкін. Жергілікті кәсіпкердің қаражатына салынған нысанның тиісті құжаттары жоқ дейді қала әкімдігі.
Автор: Сәбит Әлдебай
19.12.2023
Қайрат Исмайыл Тараз әкімінің орынбасары:
— Көріп тұрсыздар, аялдама емес, асхана болып кеткен. Жолға да бұл қауіпті болып тұр. Автобус жүргізушілері де шағымданған. Жол тар болған соң, аялдамаға жақын тұратын мүмкіндігі де жоқ. Өйткені асхана жол жиегіне жақын орналасқан.Жалпы құрылыс нормативі бойынша құм блоктармен қалаған. Бұған рұқсат етілмейді.
Былтыр пайдалануға берілген аялдаманың құрылысы техникалық талапқа сай келмейді шенеуніктер. Әрі жол жиегіндегі қызыл жолаққа өтіп кеткен. Әкімдік өкілдері әу баста пилот жоба ретінде қолға алынған нысанның 70 пайыз бөлігі жылы аялдамаға, ал қалған бөлігі асханаға арналып жоспарланған. Алайда кәсіпкер барлығын керісінше жасаған дейді.
Ал жергілікті кәсіпкер қыстың көзі қырауда жолаушыларға пана болып тұрған аялдама құрылысына 10 млн теңгеден астам қаражат шығындадым дейді. Бірақ нысанды заңдастыру мүмкін емес екен. Өйткені құрылыс туралы келісім әкімдікпен ауызша жасалған. Енді көпшіліктің кәдесіне жарап тұрған аялдаманың не боларын сот шешеді.
Ғали Айбасов кәсіпкер:
— Таразда 300-ден астам аялдама бар. Соның ешқайсысында кадастр нөмірі жоқ. Сол себептен сол кезде мен құжат істей алмадым. На аукционмен де, не жалға да алып істей алмадым. Біз әлі күнге соттасып, өзіміздікін дәлелдей алмай жатырмыз. Бұл жерден мен байып кетейін деп отырған жоқпын. Халыққа қызмет етсе деп отырмын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!