Биыл елімізде 165 мектеп пайдалануға беріліпті
Биыл елімізде 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымды 30-ға жуық мектептің мәселесі шешілген. 2023 жылдың қорытындысы жайлы ақпарат үкіметтің ресми сайтында жарияланды.
Автор: Мерей Қалиасқар
19.12.2023
Білім беру инфрақұрылымына қаржыландыру көздері де әртүрлі болды. Мәселен, жемқорлардан қайтарылған қаражатқа биыл 28 мың оқушыға арналған 17 мектеп бой көтерген. Ал бір жарым миллионнан аса бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Студенттер де тасада қалмады. Жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне шәкіртақы көлемі артып, 25 жатақхана пайдалануға берілген. Ал мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсіп, төрт жылда екі есеге көбейіп отыр. Сонымен қатар балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға артты.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл президенттің тапсырмасына сәйкес, 81 мың жаңа орын пайдалануға берілді. Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы әзірленіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!