{metadescription}
«Чудо» компаниясы: Биылғы жаңалығыңмен бөлісіп, миллион ұтып ал!
«Чудо» компаниясы: Биылғы жаңалығыңмен бөлісіп, миллион ұтып ал!

«Чудо» компаниясы: Биылғы жаңалығыңмен бөлісіп, миллион ұтып ал!

«Биылғы жаңалығыңмен бөлісіп, миллион ұтып ал». Науқанға қатысқысы келген азамат шаһардағы сауда және ойын-сауық орталығы алдындағы арнайы дүңгіршекке келуі тиіс. Биыл орындалған арманын айтқан қатысушыға «Чудоның» өнімдері де сыйға тартылады. Жаңажылдық жәрмеңке 30 желтоқсанға дейін жалғасады.

Өткелі жатқан жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Осыны айтқызу үшін арнайы дүңгіршектен Аяз ата мен Ақша қар алдыңыздағы шығады. Есеп үшін емес, естен кетпес оқиғаңызды тағы бір еске түсіру үшін. Арасында ең қызықты әрі әсерлі шыққандарына сыйлық бар.

Нұрасыл Амангелдин:

Көп уақыт бойы, бірнеше жыл өзімнің жарымды, махаббатымды іздеген болатынмын. Міне, биыл табылды. Өте қуаныштымын. Бұл деген нағыз ғажайып деп ойлаймын.

Дәл осындай күнтізбе-дүңгіршек қаладағы үш ойын-сауық орталығының алдында орналасқан. Жаңа жыл қарсаңында көтеріңкі көңіл күй мен қатар өз тауарын сыйлайтын науқан 30 желтоқсанға дейін барлық қатысушыны күтеді.

Айдана Жұмабекова,

Бұл науқанның мағынасы, яғни елдер бізге келеді. Өзінің осы жылғы ғажайып оқиғасымен бөліседі. Біз сол үшін оларға «Чудо» компаниясынан тосынсый береміз. Маған өте ұнайды. Өйткені жұрт өзінің жақсы жаңалығымен бөліседі. Өте позитивті және жаңа жылға сай.

Миллион теңгені қанжығасына байлағысы келгендер арнайы видео түсіруі тиіс. Яғни биыл жүзеге асқан қалауын жазып және ролик жасап,#таңғажайыппенбөліс хэштегі арқылы әлеуметтік желісінде жариялауы керек. Жеңімпаз 31 желтоқсан күні анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде