Кентаулықтар әкімдікке басып кіріп, басшылардың жағасына жармасты
Кентау қаласының тұрғындары әлі тоңып отыр. Шағын шаһарда бір аптадан бері жылу жоқ. Шыдамы таусылған халық қала әкімдігіне басып кіріп, басшылардың жағасына жармасты.
Автор: Бек Әбиев
20.12.2023
- Кентауда жылда болатын нәрсе ос. Әкімдердің бәрі жепжеп кетіп қалады. Неге тарифті көтеріп жатыр, түсінбеймін. Бұндай жылумен қалай көтереді? Кентауда. ТЭЦ те жылуға дайын емес. Оны кеше әкімнің орынбасары да мойындаған. Екіншіден, балаларды неге онлайн оқытпайды. Бәрі кеше мектептен жаурап ауырып келді.
Бір апта бұрын жылу энерго орталығында жарық өшіп төрт қазандық істен шыққан. Артынша шенеуніктер қаладағы жылу мәселесі бірден шешілгенін айтып есеп берді. Алайда тұрғындар әлі күнге тіземіз жылымады дейді. Ол аздай, жылудың бағасы көтеріледі деген ақпарат тараған. Осыған ашулы халық әкімдікке ағылды. Тұрғындардан сескенген шенеуніктер 13 – 23 желтоқсан аралығында жылу ақысы түбіртекке қосылмайды деп ақталуда. Ал апта бұрын жөнделді деген жылу жүйесі алдағы күндері толық қалпына келтіріледі дейді әкімдік өкілдері. Қазір жылу орталығындағы кей қазандық жөнделіп жатыр екен.
Серік Симтиков, «Кентау Сервис» ЖЭО директоры:
- Бұл қазіргі температура режимі графикқа сәйкес, бүгінгі таңға 34 градус жылынбай болып жатыр. Бірақ ол қазір көтеріліп келеді. Ертең төртінші қазандықты қосамыз. Қосқаннан кейін қала толық жылумен қамтамасыз етіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!