Өнеркәсіп қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека берілуі мүмкін
Өнеркәсіп қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека берілуі мүмкін. Депутаттар ұсынысы Үкімет тарапынан қолдау тапса, алдағы уақытта үйдің бастапқы жарнасы 15 пайыз, ал пайыз мөлшерлемесі 6 пайызды құрайтын су жаңа бағдарлама іске қосылады.
Автор: Айжан Шамшидин
20.12.2023
Бұл айлығы шайлығына жетпегендіктен басқа салаға үдере кетіп жатқан өңдеу өнеркәсібіндегі кадрларды ұстап қалуға сеп болады деп санайды халық қалаулылары. Зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейтін қызметкерлерге ұсынылатын ипотека бағдарламасының шарттары бұған дейін қолданыста болған «Әскери баспанаға» ұқсас. Мәжілісмен Динара Шүкіжанованың айтуынша, жоба бұған дейін Татарстанда сәтті қолға алыныпты.
Динара Шүкіжанова, Мәжіліс депутаты:
- Біз бизнеспен бірлесіп, «Әскери баспана» бағдарламасына ұқсас жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірлеуді ұсынамыз. Бұл бағдарлама өңдеуші өнәркәсіп саласындағы жұмысшыларға арналады. Яғни пайыз мөлшерлемесі 6 пайызды, баспананың құнына байланысты алғашқы жарнасы 15 пайыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!