{metadescription}
Аманжол Әлтаев: Akon-ға домбыра сыйлау барып тұрған надандық
Аманжол Әлтаев: Akon-ға домбыра сыйлау барып тұрған надандық

Аманжол Әлтаев: Akon-ға домбыра сыйлау барып тұрған надандық

Akon-ға домбыра сыйлау барып тұрған надандық! Қазақ жастарының шетел әншісіне жайылып жастық, иіліп төсек болғанын бүгін мәжілісмен Аманжол Әлтаев сынады. Іш киімін айналдыра лақтырған қыздардың да теріс әрекетін сөккен ол, елге келіп-кететін әншілерді алдымен сұрыптау керек деп отыр.

Аманжол Әлтаев, Мәжіліс депутаты:

Қазақта «Жаман үйді қонағы билейді» деген сөз бар. Нақты дәлел күні кеше Астанада өткен AKONның концертіне байланысты бірнеше аспектілерге тоқталайын: біріншіден, концерт кезінде жанкүйер жастар әншіге іш киімін лақтырып, төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. Бұл жастар тәрбиесінің әлсіздігін көрсетеді.

Құзырлы мекемелерге жолданған депуттат сауалында Аманжол Әлтаев Akon-ның Smack that пен hypnotiser әндерінің мазмұнына терең бойлапты. Депутат бұл туындылар әйелді қорлап, жезөкшелікке итермелейді деген тоқтамға келіп отыр. Онсыз да мәдениетіміз шатқаяқтап тұрған тұста гастрольдік сапармен келетін шетел әншілеріне қойылатын нақты талаптар жиынтығын әзірлеу керек деп санайды депутат. Сондай-ақ оқу-ағарту министрлігі алдағы оқу жылынан қалдырмай «Салт-дәстүр» сабағын мектеп бағдарламасына енгізуі қажет деген ұсыныс жасалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде