{metadescription}
Көкшетау көшесінде еліктер кезіп жүр
Көкшетау көшесінде еліктер кезіп жүр

Көкшетау көшесінде еліктер кезіп жүр

Көкшетау көшесінде елік кезіп жүр. Хайуанаттар бағы мен орманда ғана кездесетін дала жануарларын тұрғындар көпқабатты үйлердің арасынан көріп таңқалған. Тіпті жолға шығып кеткен жабайы аңдар жүргізушілерге қауіп төндіре бастаған. Сондықтан полицейлер тас жолдағы үйір-үйір еліктерді үркітіп әлек. Ал табиғат қорғау мамандары жануарлардың Ресейден ауып келгенін айтады.

Үйірімен босып жүрген дала жануарларын қалада кездестіргеніне көкшетаулықтар таң-тамаша. Бірақ бұл көрініс соңғы кездері жиілеп кетті. Аулада қайда барарын білмей қашып жүрген елікті күнара кездестіруге болады. Бұл жағдай әсіресе жол үстінде қауіп төндіріп отыр. Сондықтан тәртіп сақшылары еліктерді үркітіп әлек. Жабайы аңдар әр жылы әрқалай көшіп жүреді.

«Бұл аңдардың миграциясы болуы да мүмкін» - дейді мамандар. Тіпті қатты аязда жем-шөп іздеп қалаға кірді деген де болжам бар.

Ал Көкшетау ұлттық паркіндегілер арнайы мониторинг жүргізіп, биыл елік саны үш есе көбейгенін байқапты. «Еліктер Ресейден және Қостанай облысынан ауып келген» - дейді мамандар. Оған былтырғы орман өрті себеп болуы да мүмкін.

Ерлан Жұмайұлы, «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы:

Қазақта бір сөз бар ғой, «Арқада қыс жәйлі болса, арқар ауып несі бар» деген. Солтүстік көршілердің жеріне келіп жатқан еліктерді байқауға болады. Тағы бір жәйт: 2017 жылдан бері Ұлттық табиғи паркінде әкесқой аңшы аулауына тыйым салынған. Елік санының көбеюіне де сол әсер етуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде