{metadescription}
Астанада тұтас бір тұрғын үй кешені жылуға жарымай отыр
Астанада тұтас бір тұрғын үй кешені жылуға жарымай отыр

Астанада тұтас бір тұрғын үй кешені жылуға жарымай отыр

Астанада тұтас бір тұрғын үй кешені желтоқсанда жылуға жарымай отыр. 800-ден аса отбасы суық үйде бүрсең қағып тоңғанына бірнеше ай болған. Жаңа пәтер иелері бұған күзден бері жылуға қоспай құрғақ уәдеге тойдырған атышулы «Джи парк» құрылыс компаниясын кінәлі деп санайды. Жауаптылардан көмек болмаған соң, жұрт редакциямызға арызданды.

Елорданың «Жағалау» шағын ауданында орналасқан көпқабатты комфорт санатындағы тұрғын үй пайдалануға былтыр қыста берілуі тиіс еді. Алайда үйдің құжаты тек көктемнің басында дайын болды. Ал үйдің кілті күзде ғана берілді. Арада бірнеше ай өтсе де, тұрғындар баспанасына кіре алмай, қоныс тойын тойлай алмай келеді. 

Бас қалаға суық түскелі "Мадрид-2"деп аталатын үйдің тұрғындарынан маза қашты. Жаңа үйге қоныстандық деп алып-ұшқаны сол еді, алайда қуанышы әп-сәтте басылған. Сырты келісті көрінген 12 қабатты үйдің іші келіспей тұр. Қақаған қыста салқын үйде бүрсең қағып дірдектеп шаршағандардың алды қазір ипотекаға алған қонысын тастап, пәтер жалдауға мәжбүр.

Талғар Тұрсыналы:

Қарашада жылу болады деді. Ипотека төлеп отырмын, оған қоса пәтер жалдаймын. Оның да пәтерақысы бар. Одан кейін бұлардың сөзіне сеніп, жөндеуге несие алдық. Енді жөндей алмаймыз, өйткені жылу жоқ. Бұл жерде бүкіл проблеманың бәрі сол құрылыс компаниясына келіп тіреліп тұр, «Джи паркке».

Тұрғындарды зар жылатып отырған құрылыс компаниясы әне-міне деген уәдемен әлі созбалақтап жүр. Мұндағы жұрт жылудан бөлек, «комфорт» деп салынған үйдің санатына да көңілі толмайды. Арзан есік, екі лифтінің бірі ғана істейді, ал дәліздің сиқы сын көтермейді. Олқылықтарды көрсеткен тұрғындар жетіп артылады. Отбасымен Семейден көшіп келген Рахат Әкішевтің рахаттанып үйге кіретін күні алыс сынайлы.

Рахат Әкішев:

Желтоқсан айы бітейін деп жатыр, жылу әлі келмеді. Подъезде де жылу жоқ және үйімізге келген кезде, міне, жағдай осындай. Мына жерде жылуды бөлме бойынша тарататын болуы керек. Жылу жоқ болғасын су да жоқ. Сол үшін суды басқа подъезден барып тасып, жөндеуді бастаған едік. Бірақ аяздарда мына бөлмелерде су қатып қалып жатыр...

Суықтан тоңып үйде отыра алмаған тұрғындар мәселені, ауданның әкімнен қайыр болмағн соң, әкімге айтамыз деп бекінді. Ол жақтан бізге заң талаптарына бағынбаған құрылыс компаниясы кінәлі деген жауап келді. Яғни жылу жүйесіне қажетті жабдықтың бәрін «Джи парк» реттеуі тиіс. Байланысқа мүлде шықпайтын компанияның өкілі мән-жайды түсіндіруге тырысты.

Азамат Баймолдинов, құрылыс компаниясының техникалық директоры:

883 пәтердің алты жүзінде гребенкалар орнатылған. Яғни оларға жылу берілген деген сөз. Қазір монтаж жалғасуда. Тек сол жабдықтың қалған бөлігін, яғни 20 пайызын күтіп отырмыз. Жеткізілуі ұзаққа созылып жатыр. Ал пәтер кілттері сол тұрғындардың өтініші бойынша мезгілінен бұрын берілді. Оларға жылуға қатысты мәселе туындауы мүмкін деп ескерткенбіз.

Жыл бойы астаналық жүздеген, мыңдаған тұрғындардың берекесін қашырған құрылыс компаниясы «Мадрид 2» тұрғын үй кешені жаңа жылға дейін толық жылуға қосылады, бұл мәселе осымен шешіледі деп кезекті рет уәдесін үйіп-төкті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде