Медицинаға маман тарту мақсатында алты мыңға жуық білім беру гранты бөлінді
Биыл медицина саласына мамандарды тарту мақсатында республикалық бюджет есебінен 6 мыңға жуық білім беру гранты бөлінді.
Автор: Айғаным Достанбай
20.12.2023
Үкіметте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмысты баяндады. Осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке денсаулық сақтау мен жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілін қайта қарауды тапсырған. Ажар Ғинияттың сөзінше, биыл өңірлерде 90 су жаңа денсаулық сақтау нысаны бой көтерген. Оның ішінде 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» шеңберінде іске қосылыпты. «80 медициналық мекеме жөнделіп, 4 көпсалалы орталық аудандық аурухана жөнделе бастады», дейді министр.
Сондай-ақ елімізде трансплантология, кардиохирургия, онкология саласында 80 жаңа технология енгізіліп, 20 мыңға жуық адам емделген.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- 2023 жыл аяқталуға жақын және осы жылы көп, ауқымды нәтижеге қол жеткіздік. Амбулаториялық көмекті 90 млнан астам адамды алды, 360 мыңнан астам нәресте дүниеге келді, жедел медициналық жәрдемнің күшімен 8 млн шақырту бойынша көмек көрсетілді. Халықтың жалпы өлімжітімінің көрсеткіші 5,7%, нәресте өлімі 10%, ана өлімі 24,4 төмендеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!