{metadescription}
«Атың шықпаса, подкаст жаса»
«Атың шықпаса, подкаст жаса»

«Атың шықпаса, подкаст жаса»

Подкаст жайындағы алғашқы кітап. Алматыда аудио форматындағы жазбаның қыр-сырын үйретуге бағытталған оқулық ана тілімізде жарыққа шықты. Жаңа туынды «Атың шықпаса, подкаст жаса» деп аталады.

Авторлары подкаст жайындағы барлық ақпаратты осы кітапқа жинаған. Алғашқы бөлімінде аудио нұсқадағы жазбаның тарихы баяндалады. Бұл саланың елімізге алғаш келуінен бастап дамуы тереңірек түсіндіріліп өтеді. Одан кейін зерттеу жасауға подкастер әріптестерімен сұхбат ұсынылады. Бұл арқылы Қазақстанда подкаст жасау қаншалықты ыңғайлы және сол арқылы ақша табу мүмкін бе деген сұрақтардың жауабын іздеген. Сондай-ақ жас мамандарға бағыт-бағдар беріп жөн сілтеуде барлық құнды дүние соңғы бөлімінде қамтылған.

Әйнел Әмірхан, автор:

Мен өзім подкаст саласына 2019 жылы келдім. Сол кезде подкаст туралы ешқандай қазақ тілінде оқулықтардың, кітаптардың жоқ екендігін байқадым. Мен өзім подкаст саласына келгенде интернеттен ақпаратты іздедім. Орыс тілінде, ағылшын тілінде кітаптарды оқыдым сол кезде. Подкаст саласына келіп жатқан мамандарға қандай көмегіміз болады деген ой туындағанда мен және менің әріптесім Бақытгүл Салықова екеуміз бірігіп, осы кітапты жазып шығуды ойға алдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде