Алматыда бойжеткенді зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Көлікке күштеп кіргізіп алып ойына келгенін істеген дейді. Алматыда 18 жастағы бойжеткенді зорлады деген күдікпен 1978 жылы туған ер адам құрықталды. Бірақ тергеуге көңілі толмаған жәбірленуші бір емес, төрт жігіт қорлық көрсеткенін айтып отыр.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
21.12.2023
— Ол бізді үйімізге жеткізіп тастады. Көліктен шыққан кезде заттарымыздың салонда қалып қалғанын айтты. Әпкем мен оның досы ішке кіріп кеткен еді. Алып кетуге барған сәтте ол мені машинаға күштеп отырығызып, есігін құлыптап тастады. Қанша шығуға тырысқаныммен, қолымнан келмеді. Ақыры айдалаға тоқтадық. Ол жерге қара түсті көлік келіп, ішінен төрт жігіт шықты. Сөйтіп төртеуі кезек-кезек мен отырған машинаға кіріп, білгенін істеді. Бесіншісі кірген кезде мен қашып үлгердім.
Оқиға өткен айда болған. Жәбірленуші қыздың айтуынша, сол күні ол туысқан әпкесі мен оның досымен бірге жүрген. Екеуі ішімдіктен сілтепті. Қыз «ішпедім» деп отыр. Үшеуі дүкеннен қайтып келе жатқан кезде есін білместей мас досы өзін жәйсіз сезініп, аялдамада біршама уақыт кідіріп тұрған. Ақ түсті көлік сол сәтте тоқтап, жүргізушісі үшеуін үйіне жеткізіп тастайтынын айтқан. Осылайша соңы зорлаумен аяқталды дейді. «Қорлық көрдім» деген қыздың әкесі арызды бірден жазсақ та, тергеу созбалаңға салынып кетті деп отыр. Қылмысқа қатысы бар үшеуінің әлі күнге дейін неге ұсталмай жатқанына аң- таң. Ал полицейлер тергеудің жалғасып жатқанын жеткізді. Сараптаманың қортындысы әлі шықпаған.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
— Қазіргі таңда бір адам ұсталды. Ең басты сезікті өз кінәсін мойындамай отыр. Ал іске қатысы бар болуы мүмкін басқалары анықталып, міндетті түрде ұсталады. Жәбірленушінің көрсеткен барлық дерегі жіті тексеріліп жатыр. Қылмыс болған автокөлік те тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары