{metadescription}
Қасқыр үш адамды талап, иттерді тамақтап, қора-қора қойды қырып кеткен
Қасқыр үш адамды талап, иттерді тамақтап, қора-қора қойды қырып кеткен

Қасқыр үш адамды талап, иттерді тамақтап, қора-қора қойды қырып кеткен

Қарқаралыға қасқыр шапты. Қарағанды облысында түз тағысы үш адамды талап тастаған. Онымен қоймай, көшедегі біраз итті тамақтап, бірнеше қора қойды қырып кетіпті. Ауылдың астаң-кестеңін шығарған қасқырды полиция мен ветеринарлар іздестіріп жатыр.

Қарқаралыда таңнан бері қарбалас. Қасқырды әр жерден көрген жұрттың айтқан хабарламалары чаттарды толтырған. Үрейленген тұрғындардың көбі баласын мектепке жібермей қойды. Ірі денелі түз тағысы елдімекендегі қора-қопсыға кіріп, біраз малды жайпаған. Одан қалды көшедегі иттерді алып соғып, жүн түткендей қылыпты. Ең сорақысы, таңда жұмысына жалғыз кетіп бара жатқандарға шапқан. Екі адамды қауып, бірінің білек етін жұлып әкетіпті. Жарақат алғандарды дәрігерлер қарап жатыр.

Нұрболат Баймұрынов, Қарқаралы ауруханасының дәрігері:

Қасқырдың шабуылынан болған жарақаттарымен қабылдау бөлімінде қаралды. Үш адамға медициналық көмек көрсетілді. Вакцина салынды. Үйіне, амбулаторлық емделуге қайтарылды. Өміріне төнген қауіп жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде