{metadescription}
Кемертоған тұрғындарының көксеген арманы — жерін бұғаттан шығарту
Кемертоған тұрғындарының көксеген арманы — жерін бұғаттан шығарту

Кемертоған тұрғындарының көксеген арманы — жерін бұғаттан шығарту

«Жерімізді бұғаттан шығарсын». Алматы облысы Кемертоған ауылының тұрғындары үш жылдан бері арманына жете алмай келеді. Бүгін тағы бас көтерген олар Қазақ қыздар педагогикалық университетіне тиесілі жер телімін 2020 жылы заңды түрде сатып алған. Негізінде жатақхана салынуға бөлінген жерді оқу ордасының бұрынғы ректоры мен кеңесшісі саудаға салып, артынша сотталып кетеді.

Олардың Қарасай ауданы әкімдігіндегіндегі сыбайластары да қазір түрмеде. Кінәлілер сотталғанымен, жұрт үй тұрғызып үлгерген жер телімі бұғатталған. Осылайша жылдар бойы жалғасқан жер дауынан шаршаған тұрғындар жерін бұғаттан шығарып, өз атына заңдастырып беруін сұрайды.

Тұрғындар Кемертоғандағы бұл жерді 2019 жылы сатып алған. Бақандай 9 гектар аумақтың көп бөлігіне үйлер сол сәтте-ақ салынып үлгереді. Бірақ жаңа қоныстың рахатын сезіне алмаған жұртшылық жерге қатысты даудың барын артынан біліпті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне тиесілі телімді бұрынғы басшылық заңсыз сатып жіберген. Іс сотқа дейін жетіп, жер арестке қойылған.

Асылбек Бекмұратов:

Қазір біз жеріміз арестен снимать етілсе. Үйдің құжаттарын бүкілін, тіпті тіркеле алмаймыз біз қазір. Өз үйімізге тіркеле алмаймыз. Соның бәрін істеу үшін арестен снимать еткенін қалаймыз. Олардың Қарасай ауданы мен университет арасында болып жатқан мәселеге біздің еш қатысымыз жоқ.

Қазақ қыздар педагогикалық университетіне тиесілі аумақта жатақхана салынуға тиіс болған. Алайда оқу ордасына бұйырмаған жер бүгінде халықтың да түн ұйқысын бұзып жүр. Саудаға түскен 110 жер телімін сатып алған 80-ге тарта отбасы құжатымыз заңды деп шыр-пыр болды.

Нұргүл Закариянова:

Қашанғы үйстіп біз жүре береміз? Тыныш өзіміздің баспанамызда қашан отырамыз? Қашан арест шешіледі деген ойдан қашан арыламыз? Түнде ұйқы жоқ бізде. Кім қашан баспанасыз қалып қаламын деп түнде адам сияқты ұйықтай алады? Мұнда бір халықта ұйқы жоқ. Жердің дауы шығып жатыр, жерде бір сот болып жатыр дегенді естісе дірілдейді қазір. Тыныштық керек халыққа.

2020 жылы соттың үкімі бойынша жер Қыздар университетінің мүддесіне шешілген. Яғни оқу ордасына жауаптылар телімнің ақшасын орнына қайтарып, жылжымайтын мүлікті мемлекет меншігіне тапсыруы тиіс. Бірақ іс сиырқұйымшақталып кетті деп шағымданған жұртшылық бүгін тағы бас көтеріп, оқу ордасының алдына жиналды. Енді ғана оянған атқамінерлер бүгіннен бастап іске кіріспек.

Бақдаулет Сағындықов, Қарасай ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы:

Екі мәселе бар. Үкіметке төленбей қалған ақшасы бар. Жалға берілген жер жекеменшік болып кеткен мәселесі бар. Сол екеуі шешілгеннен кейін арест шешіледі деп ойлаймын. 12:50 Нақты күнін айта алмаймын. Өйткені университет өкілдерімен қазір жерді аудандық жер қорына қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал екінші жағында қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

Бірақ қылмыстық істің қашан аяқталары әзірге белгісіз дейді шенеунік. Халықтың ашуынан кейін бұл іске прокуратура араласып, аталған арызды бүгін жазуды тапсырды. Осылайша аудандық жерге жауапты мамандар жер телімі тездетіп университет атынан өздеріне өткізілетінін жеткізді.

Нұрлан Шынтаев, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің аппарат басшысы:

Біз осыдан бір ай бұрын Қарасай аудандық прокуратурасынан 23 сотық жер желімін мемлекетке қайтару туралы шешім қолымызға тиді. Біз Қарасай ауданына жалпы жер телімін өздеріне өткізу бойынша, атқарылуы тиіс жұмыстардың қалай жүзеге асырылуы қажеттігі жөнінде хат жолдадық. Енді жұмыс күнінің 15 тәулігі ішінде соттың шешімімен көрсетілген 23 сотық жерді әкімдік атына өткізіп береміз.

Осылайша университет басшылығы үй салынбаған жер телімдерін кері қайтаруға мүдделі. Яғни мемлекетке қайтарған күннің өзінде өздерінің меншігіне берілетінін айтады. Ал халықтың жер телімдері келер жылы бұғаттан шығады деп сендіріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде