{metadescription}
Ақтөбе облысында шетелдіктер салықтан жалтару үшін заңсыз компаниялар ашқан
Ақтөбе облысында шетелдіктер салықтан жалтару үшін заңсыз компаниялар ашқан

Ақтөбе облысында шетелдіктер салықтан жалтару үшін заңсыз компаниялар ашқан

Ақтөбе облысында салықтан жалтару үшін заңсыз компаниялар ашқан шетелдіктер анықталды. Олар жалған фирмалар арқылы кірістерін қолма-қол ақшаға айналдырып пайда тауыпты.

Елімізде өзге мемлекеттің азаматтарына тектен-тек компания ашуына рұқсат жоқ. Ол үшін бизнес-иммигрант ретінде тіркеліп, виза алуы қажет. Бірақ мұны елемей бас пайдасын ойлайтын шетелдіктер жетіп жатыр. Бір ғана Ақтөбе облысының өзінде осылайша 18 фирма ашылған. Фирма құрған адамдардың қолында Қазақстан құжаты жоқ. Бір тиын салық та төлемеген. Тергеушілер заңсыз пайда тапқандарды анықтап, фирмаларын сот арқылы жаптық деп отыр.

Нұрбек Мұлқаев, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі:

Бұл кәсіпорындар жалған мәміле жасау және заңсыз алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін құрылады. Нәтижесінде бюджетке айтарлықтай салық түспейді. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен талап беру жұмысы жүргізіліп, сот органдарының шешімімен заңсыз құрылған 18 коммерациялық құрылым таратылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде