{metadescription}
АЭС салынса, қаржысы қашан өтеледі және жарық бағасы қанша болады?
АЭС салынса, қаржысы қашан өтеледі және жарық бағасы қанша болады?

АЭС салынса, қаржысы қашан өтеледі және жарық бағасы қанша болады?

Атом электр станциясының құрылысы 10 жылға созылуы мүмкін. Оның өзінде алғашқы станцияның іске қосылып, нысанның жұмысты бастап кетуіне 15 млрд доллар қажет. Бұл қаржы қашан өтеледі және жарық бағасына қалай әсер етеді? Мұны жауапты шенеуніктер шамамен есептеп қойған. Әзірге референдум өткізіліп, халық қолдағанның өзінде құрылысты бастайтын компания белгісіз. Бірақ Үкімет кім келсе де, талап күшті болады деп отыр.

Семей полигонынан кейін қазақ жұрты АЭС-тің құрылысына бүгінде екіұдай қарайды. Әзірге Орталық сайлау комиссиясы да, энергетика министрлігі де референдум өткізілетін күн туралы ақпар айтқан жоқ. Жауаптары бір президент белгілеген күні ғана науқан өтеді. Ал әзірге сараптама, түсіндірме жиындар ғана өтіп жатыр.

Референдум өтіп халық құп көрсе, АЭС құрылысы кемі он жылға созылады деп топшылайды сарапшылар. Осы аралықта шамамен 10 мен 15 млрд доллар арасында қаражат жұмсалады. Коммерциялық жобаға таласушылар тізімінде әзірге төрт елдің инвесторыбар. Басы-қасында жүргенде мемлекетке еш басымдық беріліп жатқан жоқ деп сендіреді.

Асуман Сиябеков, "Қазақстан Атом электр станциялары" ЖШС маманы:

Шорт-парағымызда АЭС салатын төрт мердігеріміз бар. Ол тізім өзгерген жоқ. Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция мемлекеттерінің вендерлері. «Росатомға» немесе басқаға да басымдық беріліп жатқан жоқ.

Жұртты алаңдатқан ең әуелгі мәселе "АЭС салынса, Балқаш көлі тартылады" деген болжам. Қала берді су көп тұтынатын станцияның қалдығы көлге құйылады деген уәж көп айтылады. Бұған экологтардың өз айтары бар.

Сергей Агафонов, Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының төрағасы:

Ең алдымен елді су мәселесі алаңдатып отыр. АЭС пен Балқаш арасында су алмасу жүрмейді. Балқаштан су толықтырылып отырады. Бұл біржақты процесс. Мұнара арқалықты қажетті көлеммен қамтамасыз ету үшін Балқаштан аз мөлшерде су алынады. Алынатын көлем Балқаш суының табиғи буланатын мөлшерінің шамамен 0,3 пайызы ғана. Бұл өте аз.

Энергетиктер АЭС бой көтере сала электрэнергиясының құны біртіндеп арзандайды дейді. Тек тарифтің төмендеуін жұрт нысан толыққанды жұмыс істеген күнен бастап он жылдан кейін ғана көреді екен. Станция салуға кеткен миллиардтар да сол кезде өтеледі.

«Болашақтың энергиясы қара отынды будақтатып жағу емес, АЭС-тан қуат көзін тарту» деген пікірді қоғам арасында сіңдіріп жүрген энергетиктер Чернобыль апатын қайталамауға «барымызды саламыз» деп отыр. Бүгінде әлемнің 32 елінде 427 реактор жұмыс істеп тұр. Атом энергетикасынан мүлдем бас тартқандар жоқ емес. Германия, Швейцария мен Еуропаның бірқатар мемлекеттері АЭС жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде