{metadescription}
Шымкентте көлігін жаңа жылға безендірген жүргізушілер бәлеге қалды
Шымкентте көлігін жаңа жылға безендірген жүргізушілер бәлеге қалды

Шымкентте көлігін жаңа жылға безендірген жүргізушілер бәлеге қалды

Шымкентте жаңа жылды тойлауды бастап кеткен көлік жүргізушілерінің басы бәлеге қалып жатыр. Автокөліктеріне жаңажылдық шыршаның суретін салып өрнектеген жүргізушілерге айыппұл салынып, темір тұлпары айып тұрағына жөнелтілуде.

Қызылды-жасылды безендірілген көліктерді полицейлер бейнекамералардан байқаған. Шыршаның суреті салынғаны былай тұрсын, гирлянда әрі жарқыраған шаммен оралған көліктер өзге жүргізушілерге ыңғайсыздық тудырған. Жаңажылдық атрибутикамен сәндеуге әсіресе люкс көліктердің иелері құмар сияқты. Себебі безендірілген көліктердің ішінде Порш Панамера, Мерседес, Лексус, соңғы үлгідегі Тойота моделі бар. Енді жылтыраққа құмартқандар айыппұл төлеп қана қоймай, безендірілгенді өз қолымен жұлуға мәжбүр.

Ерғали Сүлейменов, Шымкент ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

Автокөлікке тыйым салынған құрылғыларымен жабдықтау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 290-бабының 7-бөлігіғ яғни тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару бабымен автокөлік айыптұрағына жеткізіліп, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде