Өңдеу өнеркәсібінде 126 жаңа жоба іске қосылды
Биыл елімізде өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 488 млрд теңге болатын 126 жаңа жоба іске қосылды. 8,9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған. Жұмысқа орналастыру шараларымен қалалар, моноқалалар және ауыл тұрғындары қамтылып жатыр.
Автор: Мерей Қалиасқар
22.12.2023
Мәселен биыл елімізде бұған дейін өндірілмеген жаңа тауарлардың өндірісі жолға қойылды. Оның қатарында мұнай-химиялық реагенттер, күн батареясының картридждері бар. Ал жылдың елеулі жетістіктердің бірі — Qarmet комбинатының Қазақстан меншігіне қайтарылуы. Меншік иесінің ауысуымен кәсіпорынға бірінші кезеңде шамамен 1 млрд 300 млн доллар жеке инвестиция салынады. Бұл қаражат құрал-жабдықтарды жаңғыртуға, заманауи өндірістік технологияларды енгізуге және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын жақсартуға бағытталмақ. Одан бөлек жалпы ел экономикасы үшін ең негізгі және маңызды жобаларда бағындырған белес аз емес.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
— Қарағанды облысында өндіріс қуаты жылына 400 мың тонна болатын арнайы кокс өндірісі іске қосылып, 200-ге жуық жұмыс орны ашылды. Арнайы кокстан басқа, жылына 72 мың тонна көлемінде көмір шайыры мен көмір майын өндіру жоспарланып отыр. Бұл жоба өңірдің өнеркәсіп базасын айтарлықтай нығайтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!