{metadescription}
Шымбұлаққа — 70 жыл! Ақпарат орталығы мен сырғанап үйренуге трасса ашылды
Шымбұлаққа — 70 жыл! Ақпарат орталығы мен сырғанап үйренуге трасса ашылды

Шымбұлаққа — 70 жыл! Ақпарат орталығы мен сырғанап үйренуге трасса ашылды

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында сырғанау маусымы ашылды. 70-ші маусымын бастаған әйгілі курортқа келушілер саны да едәуір артқан. Тек былтырғымен салыстырғанның өзінде 25 пайызға жоғары. Қызмет сапасы көтерілгенімен, баға бұрынғыдай дейді басшылық.

Биыл наурызда ғана әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғысы трассасы бар курорт ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген кешенге – 70 жыл толып отыр. Осыған орай Шымбұлақта біраз өзгеріс бар. Мәселен, мүлде сырғанай алмайтындарға жаңа қауіпсіз үйрену трассасы іске қосылады. Сондай-ақ Комби-1 орта станциясында ақпараттық орталық ашылыпты. Жаңа жобалардан бөлек, курорт биыл Еуразия тау курорттары альянсын құру туралы меморандумға да қол қойған.

Ләззәт Бастаубаева, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені директорының орынбасары:

Медеу база станциясының жанында Кіші Алматы өзенінің бойында ашылған Медеу Camp лагерін айта кетсе болады. Сонымен қатар келе жатқан 2024 жылы ашылатын Медеу Хаб креативті жобасын айтсақ болады. «Шымбұлақ» тау курортының қонақтары жылдан-жылға артып келе жатыр. Орта есеппен 25-27 пайызға өсуде. 20-25 пайызы шетелдік қонақтар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде