Абай облысында бес жасар бала мұзы жарылған өзенге кетіп өлді
Абай облысында өзендегі мұз опырылып, бес жасар бала суға етіп өлді. Оқыс оқиға түс кезінде Таскескен ауылында болған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
22.12.2023
Бес жасар екі бала елдімекен шетінде орналасқан Қарақол өзенінің бетіндегі жұқа мұз үстінде ойнаған екен. Сол сәтте мұз опырылыпғ балалардың бірі суға түсіп кеткен. Ал екіншісі үлкендерден көмек сұрауға жүгіріпті. Артынша іздеу жұмысына жұмылдырылған сүңгірулер мен ауыл тұрғындары балақайдың денесін өзеннен әрең тапты.
Мамандардың айтуынша, аймақтағы су қоймаларында мұз қалындығы небәрі 3 см ғана. Сондықтан өзен беті толық қатқанша тұрғындарға сырғанақ теппеуді ескертеді.
Ролан Оразғалиев, Үржар ауданы ПБ бастығы:
— Баланың денесін таптық. Құрметті Үржар ауданының тұрғындары, күннің жылуына байланысты, су қоймаларында мұз толық қатқан жоқ. Мұз айдындарына бала жібермеуді және өздеріңіздің де бармауларыңызды сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!