{metadescription}
Ақтөбе облысында көктайғақтан мектептердегі сабақ тоқтатылды
Ақтөбе облысында көктайғақтан мектептердегі сабақ тоқтатылды

Ақтөбе облысында көктайғақтан мектептердегі сабақ тоқтатылды

Ақтөбе облысында ауа райының күрт құбылуынан мектептердегі сабақ тоқтатылды. Себебі көшелер көк мұзға айналған. Тайғақта оқушылар мертігіп қалмасын деп осындай шешім қабылдадық дейді білім басқармасындағылар.

Нұргүл Бертілеуова, Ақтөбе облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

Дауылды ескертуг, көктайғақ болуына байланысты осы ауа райын ескере отырып, бірінші аусымдағы балаларды онлайн форматқа ауыстыру туралы шешім қабылданды. Өңірдегі барлық білім беру ұйымдары таңертеңгі мерзімнен онлайн форматқа ауыстырылды.

Өңірдегі барлық мектептің парталары бүгін бос тұрды. Тек қашықтан дәріс беретін мұғалімдер ғана білім ошағына келген. Олар тоқсанның аяғында, сынақ алу кезінде сабақ тоқтатудың қиын екенін айтады. Бірақ бастысы балалардың амандығы деп отыр. Ақтөбеде ауа райы құбылып тұр. Біресе жапалақтап қар жауса, артынша ол ақ жаңбырға ұласып жатыр. Көшедегі көк мұзда коньки тебуге болады. Тайғақта тайып жығылып, мерттіктендер де көп. Дәрігерлер әр бес минут сайын жеткізіліп жатқан науқастарды қабылдауға үлгермей жатыр. Облыстық жедел жәрдем ауруханасына бір күнде жарақат алған 161 адам жеткізіліпті. Қазір сынық-жарақат бөлімшесі емделушілерге лық толды дейді дәрігерлер. Сондықтан қосымша бөлімше ашу керек деп отыр ақхалаттылар.

Бағлан Рахметов, травматолог-дәрігер:

161 адам түскен сол көктайғақта құлаған. Соның ішіндегі жиырмасы ауруханаға жатқызылды. Әртүрлі жарақатпен нейрохирургия, травматология бөлімдеріне. Осының 140-ы үйіне жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде