{metadescription}
Шекараны май-шелпекке айналдырған шенеуніктер сотталды
Шекараны май-шелпекке айналдырған шенеуніктер сотталды

Шекараны май-шелпекке айналдырған шенеуніктер сотталды

Шекараны май-шелпекке айналдырған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің экс-директоры Дархан Ділманов пен өзге де лауазымды шенеуніктерге бүгін сот үкімі шықты.

Тергеу мәліметінше, олар бірлесе Қытайдан келген жүкті Қазақстанға заңсыз өткізіп отырған. Осылай 1750 рейс жасап үлгеріпті. Кедендік рәсімдеусіз өткізу үшін ауызбастырық алып, мемлекетке шығын келтірген Дархан Ділманов 4 жылға қамалды.

Сот оның мүлкін тәркілеп, генерал-лейтенант шені мен мемлекеттік наградаларынан айыруды көздеп отыр. Ал 1 миллион теңгеден аса пара алған өзге қылмыскерге 38 миллион теңге айыппұл салынды. Қалғандарына болса, 3 жарымнан 5 жарым жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Еске салайық, Дархан Ділманов Шекара қызметінің директоры, әрі ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін 2015 жылдан бері атқарып келген. Былтыр көктемде қызметінен босатылғаны сол еді, үш айға жетпей қолына кісен салынды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде