{metadescription}
Астана - Петропавл тасжолында да ірі жол апаты болды
Астана - Петропавл тасжолында да ірі жол апаты болды

Астана - Петропавл тасжолында да ірі жол апаты болды

Астана - Петропавл тасжолында да ірі жол апаты болды. Бір мезетте бес көлік соқтығысып, бір адам көз жұмған. Жарақат алған бірнеше жолаушы ауруханаға жеткізілді. Апатқа көктайғақ себеп болған.

Автобанда «Газель» автокөлігі бұзылып, жол жиегінде тоқтап тұрған екен. Оған Volkswagen Polo көлігі соғылыпты. 50 жастағы жүргізуші оқиға орнында мерт болды. Көзді ашып-жұмғанша тағы үш жеңіл көлік келіп жаншылған. Апаттан зардап шеккен үш жолаушы дереу Астанадағы ауруханаға жеткізілді. Күннің күрт жылынып, жолдың көк мұзға айналуынан Астана-Петропавл тас жолы бүгін екі рет жабылып ашылды.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жол жүру ережесін өрескел бұзу, абайсызда адам өліміне әкелген жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан ұзақ жолға шыққан жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде