{metadescription}
«Тек менің балам қамалған». Алматыда жасөпірімнің өліміне қатысты сот жаңа сипат алды
«Тек менің балам қамалған». Алматыда жасөпірімнің өліміне қатысты сот жаңа сипат алды

«Тек менің балам қамалған». Алматыда жасөпірімнің өліміне қатысты сот жаңа сипат алды

Шешімі шығуы керек болған іс қайта тергеуге жіберілді. Алматыда жасөпірімнің өліміне қатысты сот жаңа сипат алды. 18 жастағы күдіктінің адвокаты қылмыс қаруының жоқтығын қорғауындағы азаматтың жазықсыз айыпталып жатқанын дәлелдеудің арқасында прокурор таққан айыбын қайтарып, өзге кінәлі күдіктілерді анықтау үшін судья істі қайта тергеуге жіберді.

Айбар Казезов, прокурор:

ҚР ҚПК 321 бап талаптарына сәйкес бізде басты сот тергеуден аныққанық жағдайлар болды. Яғни басқа да тұлғаларға жауапкершілік бойынша сұрақ туындап жатыр. Соған қатысты, құрметті сот, алдын ала тергеу, тыңдауға өтсек, қарсы болмаса.

18 жастағы Арсен Мәжитке төбелес кезінде пышақпен қатарласын жазым етті деген айып тағылған. Алайда жақындары қылмысқа қатысы барын айғақтайтын нақты дәлел болмаса да, жазықсыз жаза арқалай ма деп алаңдаған. Сотта оқиға орнында табылған пышақта ешқандай қан ізі анықталмағаны дәлелденді дейді адвокаты. Сондай-ақ жаппай төбелесте өзге жігіттердің куәгер ретінде танылып, тек Арсенге айып тағылуы қорғаушы тараптың көп сұрағын туғызды. Кінәлінің өзге адам екенін айтқан куәгердің аудиожазбасы да атыушыл істі қайта тергеуге жіберуге түрткі болғандай.

Әлібек Секеров, адвокат:

Қылмыс жасаған қару әлі табылмады. Сонда қалайша оған негізсіз айып тағады? Үш сарапта жасалды. Пышақты сүртіп, тазалағанның өзінде ДНК ізі қалады деген қорытындысын айтты. Нақты дәлелсіз қалайша адамды соттауға болады? Жауапқа тартылған куәгерлердің ешқайсысы нақты менің қорғауымдағы жігіттің өлтіргенін көрдік деп айтпады.

Әнуарбек Иманбеков:

Ешқандай дәлел жоқ. Қанша куәгерлер алып келді. Шақырды. Бұл жерде менің балам тыққанын көрдік, мүмкін осы бала деген әңгіме жоқ. Еш дәлелдері жоқ. Балам 100 пайыз кінәлі емес. Топтасып төбелестен менің балам ғана қамалып жатыр. Әділдік керек!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде