{metadescription}
Министр: Қоғамдық көлікте жүргізуші мен жолаушы арасын қоршаумен бөлу керек
Министр: Қоғамдық көлікте жүргізуші мен жолаушы арасын қоршаумен бөлу керек

Министр: Қоғамдық көлікте жүргізуші мен жолаушы арасын қоршаумен бөлу керек

Автобуста жүргізуші мен жолаушының ортасын арнайы қоршаумен бөлу керек. Алматыдағы жол апатынан кейін еңбек министрлігі бұл норманы барлық автопаркке міндеттеу керек деп отыр.

Қоғамдық көліктің жүргізушісі айналасына алаңдамай, кондуктор қызметін өз мойнына алмай, тек тізгінге ие болуы керек. Ал бұзақы жолаушының соққысынан кейін есін жоғалтып жол бойындағыларды таптап өткен автобус жүргізушісінің қауіпсіздігін жұмыс беруші автопарк тиісті дәрежеде қамтамасыз ете алмады деп санайды еңбек министрі.

Светлана Жақыпова қыз-келіншектер елімізде қызмет істеген кезде түрлі апаттан кәсіби тұрғыда сақтандырылмаған дейді. Сондықтан әйелдер өз шама-шарқына қарай мамандық таңдағаны дұрыс деп отыр министр.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Бұл жерде жұмыс беруші жүргізуші мен жолаушыны бөлек орналастыруы тиіс еді. Жалпы бұл жол-көлік саласында қауіп жоғары. Түрлі апат болуы мүмкін. Әйелдерге басқа да қолжетімді мамандықтар бар ғой. Қазақстанда кезінде әйелдерге жұмыс істеуге тыйым салынған мамандықтар тізімі болған. Кейін біз бұл мәселені қарастырып, тізім күшін жоғалтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде