{metadescription}
Жұмысшылары ең көп зардап шегетін — «Арселлор Миттал Теміртау» мен «Қазақмыс»
Жұмысшылары ең көп зардап шегетін — «Арселлор Миттал Теміртау» мен «Қазақмыс»

Жұмысшылары ең көп зардап шегетін — «Арселлор Миттал Теміртау» мен «Қазақмыс»

«Арселлор Миттал Теміртау» мен «Қазақмыс» жұмысшылары ең көп зардап шегетін компаниялардың көш басында тұр. Жалпы алғанда биылғы қорытынды санақ көңіл көншітпейді. Елімізде бас-аяғы 2 мыңға жуық адам өндірісте жарақат алған.

Оның шамамен екі жүзі бақилық болған. Осы ретте былтырмен салыстырғанда өндірісте жарақат алғандар «Қазақмыста» үш есе өскен дейді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Ал жақында атауы QarMet боп өзгерген «Арселлор Миттал Теміртауда» жағдай тіпті ушыққан. Өндіріс қауіпсіздігін бұзғаны үшін кәсіпорынға бір жылдың ішінде 957 хаттама толтырылған.

Үкімет жұмыс берушілерді ауыр жұмыс істейтін барлық қызметкерін жазатайым оқиғадан сақтандыруды міндеттеуді талап етпекші.

Бүгінде кәсіпорындардың тек 32 пайызы ғана жұмысшыларын сақтандырған. Қалғаны қырық сылтаумен сытылып кетіп жатыр.

Әлихан Смайылов ҚР Премьер-министрі:

Бізде өндірістік жарақат алу көрсеткіші біршама жоғары екенін атап өтуге тура келеді. Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұмыс барысында жарақат алады. Оның ішінде 200-ден астам адам мерт болады. Мысалы, биыл «Қазақмыс» компаниясында өндірістік жарақат алу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсіп кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде