{metadescription}
Көкшетауда жаңажылдық безендірудің быт-шыты шыққан
Көкшетауда жаңажылдық безендірудің быт-шыты шыққан

Көкшетауда жаңажылдық безендірудің быт-шыты шыққан

Көкшетауда дүлей дауыл қаладағы жаңажылдық безендірудің быт-шытын шығарды. Секундына 30 метр жылдамдықпен соққан желден бас шыршаның жасыл жамылғысы жұлым-жұлым болды.

Әділет Рақымжанов, Көкшетау ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Аздап төтенше жағдай болып қалды. Қатты желмен шыршамыздың жамылғысы ұшып, түсіп жатыр. Ауа райын өздеріңіз көріп тұрсыздар. Тіпті жылдағыдай ойып алатын мұз болмай жатыр.Мұз қалашығын жасайтын едік. Сондықтан темірден қоршау, сырғанақ жасаттық. Шыршаны ертең күн райы жақсарса қалпына келтіреміз.

22 метрлік жаңажылдық шырша 40 градус аязда безендіріліп мерекеге дайын тұрған. Дәл бүгін шырша шамын жағу мерекесі өтуге тиіс еді. Түрлі-түсті шамы мен басқа да жарығы бір күн бұрын тексеріліп, дайындық пысықталса керек. Енді ауа райы тұрақтала салысымен қалпына келтіріледі. Жалпы Көкшетау қаласын жаңажылдық безендіруге бюджеттен 49 миллион теңге бөлінген.

Қостанайда ақтүтек бораннан жолдар жабылып, мектептерде сабақ тоқтатылды. Екпінді жел Лисаков қаласында орталық алаңдағы шыршаны сұлатып түсірген. Ал Тобыл қаласында төрт қабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Тек үй маңындағы бірнеше көлікті қиранды басып қалған. Бұрқасыннан күре жолдар жабылып, қауіпсіздік шарасы күшейтілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде