{metadescription}
Ақмола облысына жылдың төрт мезгілі қатар келгендей
Ақмола облысына жылдың төрт мезгілі қатар келгендей

Ақмола облысына жылдың төрт мезгілі қатар келгендей

Солтүстік өңірде ауа райы мың құбылып тұр. Жаңбыр мен желден айнала көк мұзға айналып, тас жолдар жабылып жатыр.

Ақмола облысына жылдың төрт мезгілі қатар келгендей. Сақылдаған сары аяз өтісімен, күн күрт жылынып, қар еріп жатыр. Оның үстіне жаңбыр жауып, ауа райы тұрақсыз болып тұр. Дәл қазір көктайғақ үстіне боран соғып, қаладан шығатын барлық жол жабылды. 

Солтүстік Қазақстан облысында да барлық жолдар жабылды. Оның үстіне дүлей жел соғып, жағдайды одан сайын қиындатқан. Ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді. Жаңажылдық шырша шамын жағу салтанаты да кейінге шегерілді. Синоптиктер ауа райынның бұлайша қырық құбылуын атлантикалық циклонның әсері деп отыр.

Гүлзат Ғазизова, «Казгидромет» РМК СҚО филиалының бөлім басшысы:

Алдағы күндерде циклонның әсері сақталады. Тұрақсыз ауа райы, жауын-шашын, көктайғақ, екпінді жел сақталады. Жаңа жылға қарай ауа температурасы түнде 15-20 градус аязға дейін, күндіз 7-12 градус аязға дейін төмендейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде