{metadescription}
«Бүгінгі күннің батыры». Мейірбек Тажқұранов фотокөрмесіне жас мамандардың портретін ұсынды
«Бүгінгі күннің батыры». Мейірбек Тажқұранов фотокөрмесіне жас мамандардың портретін ұсынды

«Бүгінгі күннің батыры». Мейірбек Тажқұранов фотокөрмесіне жас мамандардың портретін ұсынды

«Қазақстан жастарының бейнесі». Осындай атаумен Астанада фотограф Мейірбек Тажқұрановтың фотокөрмесі ашылды. Автор көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30-ға тарта жас маманның портретін қойған.

Мейірбек Тәжқұранов, фотограф:

Бірнеше өңір, бірнеше сала қамтылған. Ерекшесі бүгінгі күннің батыры деп жүрген өрт сөндіруші қызметкерлер. Одан кейін өзімізді тәрбиелеген мұғалімдер. Қастерлі мамандық иелері ұсынылды деуге болады.

Көрмеге фотографтың 50-ге тарта жұмысы қойылыпты. Өнер иесі 30-дан астам түрлі мамандықты қамтуға тырысқан. Осы жылдың басында Нұрсұлтан Назарбаев қорынан 2 миллион теңге грант ұтып алған Мейірбек Тәжқұранов бұл бір жылдық жұмысымның нәтижесі дейді. Автор осылайша өңірдегі жас мамандардың бейнесін, олардың жұмыстағы қиындығы мен елеулі сәттерін таспалап, өскелең ұрпаққа үлгі ретінді көрсетуді көздеген. Бұл жас фотографтың ауқымды өткізіп отырған алғашқы көрмесі. «Қазақстанда осы сала кенже дамып келеді, жас толқынның алды болып осындай мүмкіндікке ие болғаныма қуаныштымын» - дейді өнер иесі.

Елдар Қанафин, №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі:

Қазақстанның түкпір-түкпірінен мамандық иелерінің жұмысы көрсетілген. Соның ішінен ойып орын алатындай, төтенше жағдайлар қызметкерлері, «бүгінгі күннің батыры» атты тақырыпта, біздің фотосуреттер жарық көріп жатқанына қуанамыз. Мейірбек арнайы шақыртуымен, осындай бір үлкен іс-шара ашылады деп, соған біз атсалысып, келіп, қолдау білдіріп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.