{metadescription}
Швед ғалымдары: Электронды темекінің қаупі әлдеқайда төмен
Швед ғалымдары: Электронды темекінің қаупі әлдеқайда төмен

Швед ғалымдары: Электронды темекінің қаупі әлдеқайда төмен

«Қаупі әлдеқайда төмен». Швед ғалымдары кәдімгі темекі мен электронды шылымды салыстырып зерттеу жасапты. Соның қорытындысы бойынша, электронды құрылғының буында улы заттар әлдеқайда аз деген тоқтамға келген. Сәйкесінше, түтінсіз темекінің адам ағзасына келтіретін зардабы да анағұрлым төмен деп отыр.

Зерттеуді жүргізген Швециядағы Каролинска институтының ғалымдары. Олар темекінің түтіні мен табак қыздырылған кезде бөлінетін будағы зиянды зат деңгейін салыстырған. Осылайша электронды темекіні кәдімгі шылымға қарағанда қауіпсіз балама ретінде санауға болады деген тоқтамға келіпті. Кейбір отандық дәрігерлер де мұнымен келіседі.

Мейрам Раганин, медицина ғылымдарының кандидаты:

Табакты қыздырған кезде улы зат аз бөлінеді. Өйткені қыздыру 352 градустан аспайды. Дегенмен оның құрамында бәрібір улы заттар болады. Қорыта айтқанда, екеуі де зиян. Тек қарапайым темекіге қарағанда электронды шылымның ағзаға келтіретін зардабы төменірек.

Сарапшылардың пікірінше, қыздырылатын темекіні бір күнде тастап кете алмайтын адамдарға тәуелділікпен күресуге көмектесе алады. Жалпы темекіні түбегейлі тастау үшін дәрігерлер түтікшенің құрамындағы никотин дозасын ақырындап азайтып қолдану керек деп отыр.

Мейрам Раганин, медицина ғылымдарының кандидаты:

Адам табакты қыздыру құрылғысына ауысқанда денсаулығының жақсарғанын өзі байқайды. Яғни арыла алмай жүрген жөтелі кетіп, физикалық тұрғыдан жақсарады.и

Десе де бұлай жар салынғанымен, әлі ғылыми түрде нақты дәлелденбеген. Сарапшылар түтінсіз темекі өнімдерінің адам ағзасына нақты қаншалықты зиян келтіретінін анықтау үшін біршама уақыт керек деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.