{metadescription}
СҚО: Дүлей дауылдан шатырлар ұшып, 181 ауыл жарықсыз қалды
СҚО: Дүлей дауылдан шатырлар ұшып, 181 ауыл жарықсыз қалды

СҚО: Дүлей дауылдан шатырлар ұшып, 181 ауыл жарықсыз қалды

Елдің солтүстігі дүлей дауылдың салдарымен алысып жатыр. Қарқыны қатты жел ғимарат шатырларын жұлып, 10 мыңға жуық тұрғынды жарықсыз қалдырды. Жолдарда жүздеген автокөліктер қар құрсауында қалып қойды.

Жел қарқыны секундына 30 метр жылдамдыққа дейін жеткен. Электр сымдары үзіліп, электр тораптарында қысқа тұйықталу болған. 181 ауыл жарықсыз қалды. Ақауды жөндеуге 100 бригада жұмылып, 200- ге тарта техника тартылған. Әзірге абоненттердің жартысына ғана жарық берілді. Барлық аудандарда әлі бес мыңнан аса үй қараңғыда отыр. Дүлей дауыл Сергееевка ауылындағы мектеп пен балабақшаның шатырын жұлып кетті. Ал Петропавлда көше мен ғимараттардағы мерекелік безендірулердің быт- шытын шығарған. Жолдарда қар құрсауында қалған жеңілі мен жүгі бар көліктерді шығару жалғасып жатыр. Құтқарушылар мен полицейлер жолда үсіп қала жаздаған 94 адамды құтқарды. Арасында балалар да көп.

Әсет Шайкин, СҚО ТЖД басқарма бастығы:

Осыған ұқсас жағдай қайталанбайды дей алмаймыз. Жағдай реттелген жоқ. Жел қарқыны қатайған жағдайда елдімекеннен алыстамауды сұраймыз. Ата- аналар баласын қараусыз қалдырмауы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.