{metadescription}
Декларация: Асыл тұқымды жылқыдан бастап, қомақты қарызға дейін
Декларация: Асыл тұқымды жылқыдан бастап, қомақты қарызға дейін

Декларация: Асыл тұқымды жылқыдан бастап, қомақты қарызға дейін

Асыл тұқымды жылқыдан бастап, қомақты қарызға дейін. Ендігі жылы басталатын жаппай декларация өткізудің үшінші кезеңінде ел азаматтары құны 3 жарым миллионнан асатын асыл тұқымды үй жануарын да мүлік ретінде тіркеуге тиіс. Жеке тұлғалардың бір-бірінен алған қомақты қарызы да жариялануы керек.

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:

Кейбір азамат несие бойынша қарызын нотариатта куәландыру керек деп жатыр. Әлеуметтік желіде. Банк алдындағы қарызды куәландырудың керегі жоқ. Тек жеке тұлғамен, жеке тұлға арасындағы қарыз беру шартын куәландыру керек. Сонымен қатар жеке тұлға мен заңдлы тұлға арасындағы қарыз беру-алу шартын куәландыру керек.

2024 жылы жаппай декларация тапсырудың үшінші кезеңі басталады. Алдағы жылы бизнесмендер өз меншігіндегі дүние-мүлкін жариялай бастайды. Декларацияға сай, жеке тұлғаның меншігінде құнды қағаз, актив, шетелдегі шоттар мен басқа мемлекеттерде жылжымайтын мүлкі және көлік құралы болған жағдайда, соның барлығы ашық көрсетілуі керек. Бұл шара жемқорлықтың алдын алып, көлеңкелі экономика деңгейін төмендетеді деген сенімде салықшылар. Ал биыл бюджет мекемесі қызметкерлері мүліктерін жариялаған болатын.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті:

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекет мекемесі қызметкерлері және олардың жұбайын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін декларациялау кезінде тіркелген жеке мүлкі төмендегідей. Шетел банктеріндегі 58 шот жария болды. Оның көбі Ресейде, АҚШ-та және Францияда. 52 елдегі жылжымайтын мүліктің көбі Ресейде, Түркияда және Әзірбайжанда. Сонымен қатар 55 елдегі көлік құралыы тіркелген. Ең көбі Ресейде, Жапонияда және Германияда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде