{metadescription}
Қаржы министрлігі қызметкерлері төрт айлық есебінде сыйақы алып жырғаған
Қаржы министрлігі қызметкерлері төрт айлық есебінде сыйақы алып жырғаған

Қаржы министрлігі қызметкерлері төрт айлық есебінде сыйақы алып жырғаған

Қаржы министрлігінің қызметкерлері жаңа жылда төрт айлық есебінде сыйақы алып жырғаған. Министр Ерұлан Жамаубаев үнемделген қаржыны қарамағындағыларға үлестіріп беріпті.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

Біздің министрлікте аймақтар бөлек, орталық аппарат бөлек қаржыландырылады. 3-4 айлық есебінде сыйақы беріледі. Ерекше атқарылған жұмыс, күрделі жұмыс, жұмыс уақытынан тыс атқарылған еңбегі үшін беріледі. Сондықтан мұның бәрі заң бойынша болады. Бұл жалпы жалақы, іссапар шығыны және басқа да ағымдағы шығындардың қалдығы.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, қаржы министрлігінде бақандай он бес мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сондықтан жаңа жыл алдында үлестірілген қаржы миллиондар емес, миллиардтан асып жығылады. Кімнің қандай, жалпы қаржы министрлігінің "тау қопарып, қай шаруаны гүлдеткенін" Жамаубаев тізген жоқ. Келтірген жалғыз уәжі бюджеттен қосымша ақша бөлінбепті. Ал қаржы министрлігіне қарсы отырған Мәжіліс депутаттарын мұндай сыйақымен ешкім жарылқамаған. Десе де төменгі палата төрағасы әріптестерінің материалдық ынталандыруға лайық екеніне сенімді.

Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:

Жеке өзім алған жоқпын. Жоспарланған сыйақы жоқ, олар үнемделген қаражат аясында болады. Ол мәселемен Мәжіліс аппараты айналысады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде