{metadescription}
Вет-шектеу: Қарқаралыда адамды талап, малды қырған көкжалдан құтырма анықталды
Вет-шектеу: Қарқаралыда адамды талап, малды қырған көкжалдан құтырма анықталды

Вет-шектеу: Қарқаралыда адамды талап, малды қырған көкжалдан құтырма анықталды

Қарағанды облысында қасқыр шапқан Қарқаралы қаласына ветеринарлық шектеу қойылды. Зертханалық сараптама елдімекенде адамдарды талап, малды қырған көжалдан құтырма ауруын анықтаған.

Қарқаралы аудан орталығынан бір ай көлемінде ет, сүт өнімдері мен мал терісі шығарылмайды. Ит, мысық атаулы да ауладан әрі аспауы тиіс. Республикалық эпизоотиялық отряд елдімекендегі 311 үйдің қора-қопсысын залалсыздандырады. 2400 ірі қара, 1800 бас ұсақ мал, 200- ден аса жылқы және 136 ит пен 34 мысыққа екпе жасалмақ.

Естеріңізге салсақ., 21 желтоқсан күні қалаға кірген қасқыр көшедегі иттерді жүн түткендей етіп, жұмысына кетіп бара жатқан үш адамды талаған. Оларға сол күні-ақ екпе мен ем-дом жасалды. Осының алдында ғана Қарқаралыға көршілес жасқан Жарлы ауылында осы аурудың ошағы анықталған. Ветеринарлар ондағы кесел құтырған ит-құстан тарауы мүмкін дейді.   

Ержан Бекетбаев, ҚР АШМ ветеринария бақылау комитетінің Қарағанды облысы аумақтық инспекция басшысы:

Жарлы ауыл округінде 40 шықырым жерде бір айдай құтыру ауруына шектеу шарасын енгізгеміз. Бұл өңірде тубиғи ошақ бар деген, бүгінгі күнде қаупіміз бар. Жыртықыштар арасында таратушы болады ғой. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жүргізіп, бұл жайында мониторинг жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде