{metadescription}
«Мемлекетке масыл». Ақтөбеде қоғамдық көлікке шағым артып кеткен
«Мемлекетке масыл». Ақтөбеде қоғамдық көлікке шағым артып кеткен

«Мемлекетке масыл». Ақтөбеде қоғамдық көлікке шағым артып кеткен

Ақтөбеде қоғамдық көлік қатынасы қиын болып тұр. Рейске шыққан автобустар жұмысын ерте аяқтап, тұрғындар такси қызметіне жүгінуге мәжбүр. Ал жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар миллиардтаған субсидия алып отыр. Мемлекетке масыл болып жұмысты мандытпағандардың әрекетіне әкім де аң-таң.

Автобус қатынасына қатысты шағым көп. Әсіресе қала шетінде тұратындар күніне бірнеше рет арыз айтып қоңырау шалады екен. Тұрғындар түгілі, көше аралауға шыққан қала әкімінің өзі қоғамдық көлік таба алмай сандалып қалды. Жоспар бойынша автобустар ең болмағанда кешкі сағат онға дейін жүруге тиіс. Бірақ сегіз болмай бағытынан шығып, жұмысын тоқтататын жүргізушілер жетерлік. Ақтөбеде жолаушылар тасымалдаумен төрт компания айналысады. Оларға облыс бюджетінен биыл 5 миллард 200 миллион теңге субсидия берілген. Ал автопарктегілер жолға шығаратын автобус бар, бірақ оны жүргізетін маман тапшы деп ақталды.

Руслан Жылқаманов, «Автопарк» ЖШС ресми өкілі:

Жүргізушілер келгісі келмейді. Себебі жұмыс ауыр дейді, қиын дейді. Қазіргі күні жалақысын көтердік, 400 мыңға дейін барады. Бірақ сонда да жүргізушілер өте аз. Мысалы, адамдар неге автобус түнге дейін жүрмейді, 12-ге дейін неге жүрмейді деп. Бір жүргізуші таңғы 5-6-дан бастап, түнгі 12-ге дейін жүре алмайды. Өте қиын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде