{metadescription}
Ақтауда көпқабатты үйден өрт шығып, бүкіл қасбеті жанып кетті
Ақтауда көпқабатты үйден өрт шығып, бүкіл қасбеті жанып кетті

Ақтауда көпқабатты үйден өрт шығып, бүкіл қасбеті жанып кетті

Ақтауда алты қабатты үйден өрт шығып, бір подъездің қасбеті түгел жанып кетті. Екінші қабаттан алтыншы қабатқа дейін жеткен жалын үйдің сыртын қаптап тұрған арзан материалдың түгін қалдырмапты. Түн ортасында шыққан өрттің неден тұтанғаны әлі анықталмаған.

Оқыс оқиға түнде «7 қазына» тұрғын үй кешенінде адамдар шырт ұйқыда жатқанда болған. Өртті сезген тұрғындар бір-бірін оятып далаға шығып үлгеріпті. Тұрғын үйдің бір подъезінің қасбетінің сау жері жоқ. Жалпы 170 шаршы метр аумақ өртенген. Тұрғындар тар аулаға көлікті қойып тастағаннан өрт сөндіруші техникалар жақындай алмай әбігерге түсіп, жарты сағатта әрең сөндірген.

Еске сала кетейік, бұған дейін аталған үй салынып жатқан 2021 жылы да өртенген еді. Баспананы тұрғызған мердігер мекеме жөндеу жүргіземіз деп отыр. Төтеншеліктер тұрғын үйдің сапасына қатысты тексеру жүргізетінін жеткізді.

Қабілет Есжанов, Ақтау ТЖБ бастығының орынбасары:

Өрт 01:31 сағатта, яғни 29 минутта сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі мен барлық процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде