{metadescription}
Алматыда жас палуандарға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды
Алматыда жас палуандарға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды

Алматыда жас палуандарға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды

Студент спортшыларға құрмет. Алматыда биыл ел абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген жас палуандар марапатталды. Ұлттық студенттер спорт одағы алғаш рет «Сұңқар-2023. Студент спорт жұлдыздары» атты республикалық байқау ұйымдастырды. Жиында ел намысын қорғаған азаматтармен қоса, спорт саласына қатысты қалам тербеген журналистерге де арнайы сый-сияпат табысталды.

Ұлттық студенттер спорт одағының президенті Қайрат Зәкіряновтың айтуынша, жыл табысты болды. Студент спортшылар универсидаларда күш сынасып, 6 алтын медаль иеленген. Яғни қаңтар айынан бастап, сонау АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада мен Қытайдың Ченду қаласында ұйымдастырылған Дүниежүзілік жазғы универсиадада жеңіспен оралған жастар көп.

Ресейдегі Университеттік спорттың халықаралық фестивалі мен еліміздің бірнеше қаласындағы додада да палуандарымыздың жеткен жетістігі мен көрсеткіштері көңіл қуантарлық. Осы орайда жылды қорытындылап жастарға құрмет көрсетуді көздеген Ұлттық студенттер спорт одағы арнайы байқау өткізді. Онда жыл бойы толағай табысқа қол жеткізген спортшыларға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табыстады.

Қайрат Зәкірянов, Ұлттық студенттер спорт одағының президенті:

Тәуелсіздік алған жылдарымыздан бергі уақытты қорытындылайтын болсақ, студент жастарымыздың алған жүлделері жетерлік. Яғни универсиадалардан 209, ал олимпиадалық ойындардан 70-ке жуық медаль бар қоржынымызда. Бүгінгі байқау сол жас спортшыларымызды одан әрі жігерлендіріп, алдағы жарыстарда жеңіске жетулеріне деген рух беру мақсатында ұйымдастырып отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде