{metadescription}
Қостанай облысында боранда жоғалған әжесі мен немересі үсіп өлген
Қостанай облысында боранда жоғалған әжесі мен немересі үсіп өлген

Қостанай облысында боранда жоғалған әжесі мен немересі үсіп өлген

Қостанай облысында боранда жоғалып кеткен 68 жастағы әйел мен оның 11 жастағы немересі өлі табылды. Адым жер көрінбейтін боранда әжесі мен немересі адасып қалған сыңайлы. Өйткені ауылдарынан алысқа ұзамаған.

Екеуі Степной ауылынан тас жолға қарай шығып, жолай көлікпен Тобыл қаласына дейін жетпек болған. Үйіне оралмаған жолаушыларды іздеуге полиция мен құтқарушылардан құралған 120- дан аса адам жұмылдырды. Бір тәуліктен кейін боранда үсіп қалған тұрғындарды иісшіл иттердің көмегімен тапты.

Тілеуберді Нұрахметов, Қостанай ПД бөлім басшысы:

Кешеден бері іздестіру-құтқару жұмысы тоқтаусыз жүргізілді. Бүгін жоғалған әйел адам мен оның немересінің денесі өздері тұратын үйге жақын маңнан табылды. Тергеу жұмысы басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.