{metadescription}
АҚШ, Еуропада тіркелген жұмбақ індеттің белгісі қандай
АҚШ, Еуропада тіркелген жұмбақ індеттің белгісі қандай

АҚШ, Еуропада тіркелген жұмбақ індеттің белгісі қандай

Қытайда белең алған қауіпті пневмонияға біздің дәрігерлер де алаңдап отыр. Өйткені індет елімізге жетуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Жергілікті халық жаппай жұқтырып жатқан вирустың салдарынан мектептер жабылып, бетперде тағу тәртібі енгізілді. Жұмбақ індет АҚШ-та және Еуропаның бірнеше елінде тіркеліпті. Оның белгісі қандай?

Бетперде таққан бұқара. Есігі тарс жабылған мектептер. Қытайдағы ахуал асқына түсті. Микоплазмалы пневмонияға шалдыққан ондаған науқас аурухана төсегіне танылған. Көбі балалар. Ұзақ зерттеудің нәтижесі жаппай жұқтырудың негізгі себебі супербактерия екенін көрсетті. Ол ауа арқылы тарайды. Рентген кезінде өкпеде ақ дақ көрінетіндіктен, қытайлықтар «ақ өкпе синдромы» деп атап кетті. Ауру Еуропа мен АҚШ қа тарап үлгерді.

Джон Кэмпбелл, билогия ғылымының докторы:

Қытайда қазан және қараша айларында ауруханаларға үш жарым мың бала түсті деген ақпарат бар. Еуропа радиолары күніне мың жағдай тіркеліп жатқаны жөнінде хабар таратты. Меніңше, бұл антибиотикке оңайшылықпен бой бермейтін қауіпті микоплазма. Яғни вирус әлемге тарайтын болса, оны емдеу жолы қиынға түседі. Басты қаупі де осы.

Жаңа, һәм жұмбақ пневмонияның белгісі: ентігу, дене қызуының көтерілуі, демалғанда сырылдың естілуі және кеуде тұсының шаншып ауыруы. Ауа арқылы тарайтындықтан, оның жұғу қарқыны жоғары екенін пайымдаған мамандар қауіп жоғары екенін растайды.

Сергей Длин, медициналық клиниканың директоры:

Қытай халқы тығыз орналасқан ел. Адамдар көп болғандықтан, оның тарау ықтималдығы да жоғары. Еуропада тіркелуінің басты себебі сол деп ойлаймын. Ауруды одан әрі асқындырмау үшін бәлкім туристердің жүріп-тұруына шектеу қою қажет. Өйткені, микоплазмалы пневмония өте қауіпті індет.

Ал қазақстандық сарапшылар шетелдік әріптестердің пікірімен толықтай келіспейді. Бұл пневмонияны Ковидпен салыстырудың қажеті жоқ, баяу тарайды деген пайымды алға тартады. Сәйкесінше әлемдік пандемия қайтадан болады деп дабыл қағуға негіз жоқ. Дегенмен қай кезде болмасын сақтық шарасына мән беруге шақырады.

Тимур Салиев, Б.Атшабаров атындағы Іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының директоры:

Адамдар пандемия кезінде ұзақ уақыт оқшауланды. Сол себепті күнделікті инфекцияның өзімен беттеспеді. Негізі бір аурудан айыққаннан кейін оған қарсы иммунитет қалыптасады. Микоплазмалы пневмонияның тарауы ұзаққа созылған карантиннің салдары да болуы мүмкін.

Пневмонияның жаңа түрі Қазақстанға жетпейді деп ешкім кепіл бола алмайды. Қолдан келер бар амал сақтық шарасын сақтау, қолды жиі жуып, қоғамдық орында бетперде тағу. Сақтансаң сақтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде