{metadescription}
Qarmet қожайыны кәсіпорынға 28 млрд 600 млн теңге инвестиция құйды
Qarmet қожайыны кәсіпорынға 28 млрд 600 млн теңге инвестиция құйды

Qarmet қожайыны кәсіпорынға 28 млрд 600 млн теңге инвестиция құйды

«Қарметтің» жаңа қожайыны тізгінді қолына ала салысымен, кәсіпорынға 28 млрд 600 млн теңге инвестиция құйды. Бұл қаражат компанияның қызметін жандандыруға жұмсалады. Бүгін Үкімет үйінде жұмыс тобының отырысы өтіп, оған жаңа инвестор Андрей Лаврентьевтің өзі келіп қатысты.

Еліміздегі ең ірі кен орнында басшылық түбегейлі ауысқаннан кейін, Үкімет Лаврентьевтің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. 2024 жылы Qarmet алдымен жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтуы керек. Бұл бір. Өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа инвестициялық келісімшарттар жасасу және шығынды азайту арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелерін реттеуі қажет деді Әлихан Смайылов. Премьер-министр мемлекеттік органдарға да жауапкершілік жүктеп отыр. «Комбинаттың өзекті мәселелерін шешуде қажет қолдау көрсету керек деп атап өтті. Осыған байланысты Әлихан Смайылов Андрей Лаврентьевке бір апта ішінде ең басым міндеттер бойынша қажетті шешім қабылдауды тапсырды.

Айта кету керек, желтоқсан айында кәсіпорында өндіріс көлемі артқан. Ферроқорытпа қоры мен көмір қоры еселенген. Сондай-ақ дайын өнімді жөнелту қайта жанданыпты. Еңбекақы уақтылы беріліп, салық төлемі, сондай-ақ медициналық сақтандыру төлемі уақтылы жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде