{metadescription}
Бишімбаевтың бірінші жары марқұм Салтанатты жылы сөзбен еске алды
Бишімбаевтың бірінші жары марқұм Салтанатты жылы сөзбен еске алды

Бишімбаевтың бірінші жары марқұм Салтанатты жылы сөзбен еске алды

«Балаларыммен жақсы араласқан». Тергеудегі Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында Салтанат Нүкеновамен болған жағдайға қатысты жазба қалдырды. Назым Қаһарман марқұм Салтанаттың туған-туыстарына көңіл айтып, көзі тірісінде онымен жақын араласпағанын жазған. Бірақ балаларым онымен бірден тіл табысқан, жарқын, мейірімді әрі өте жанашыр еді деп еске алды Бишімбаевтың бірінші жары.

Назым Қаһарманның әлеуметтік желідегі жазбасынан:

Балаларыммен бірге біз Салтанаттың отбасындағы орны толмас қазаға шын жүректен көңіл айтамыз. Мен онымен жүзбе-жүз таныс болған жоқпын, бірақ балаларыммен дос болды және оны жарқын, мейірімді әрі өте жанашыр адам ретінде еске алады. Бұл біз үшін де тым қайғылы жағдай. Өйткені мұның барлығы балаларыма тірек, үлгі болуы тиіс адамның жасағаны. Өте қорқынышты, ұят және адам төзгісіз ауыртпалық. Балаларымның басынан өткен қиыншылықтарды, әрине, Салтанаттың жақындарының азабымен салыстыруға келмейді. Дегенмен мен олардың әділдікке жетеріне сенемін және білемін. Осы сенімнің арқасында балалар да, мен де алға жылжып келеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 шілде

12 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.