{metadescription}
Атырауда қос бүйрегі істен шыққан азамат наразылығын айтып алаңға шықты
Атырауда қос бүйрегі істен шыққан азамат наразылығын айтып алаңға шықты

Атырауда қос бүйрегі істен шыққан азамат наразылығын айтып алаңға шықты

Атырауда қос бүйрегі істен шыққан азамат наразы. Бірінші топтағы мүгедек бес күннен бері гемодиализ алмаған. Себебі 53 жастағы науқасқа жеке клиникалар ем-дом жасаудан бас тартқан. Сондықтан халі нашарлаған Қайрат Ізбергенов амалсыз алаңға шықты.

Қайрат Ізбергенов, бірінші топтағы м.гедек:

Ешқандай саяси талабым жоқ. Маған гемодиализ ем-домнан басқа ештеңе керек емес. Бұл менің өміріме маңызды. Онсыз мен өлемін. Бес күннен бері гемодиализ алмадым. Денсаулығым нашарлап барады. Қаным бұзылып, қоюланып кетті. Қиналып кеттім.

Науқастың сөзінше, ол қан тазалау курсын күніне 6-7 сағат алуы керек. Ал емдеу орталықтары осыны толық жүргізбей, дәрі-дәрмектерін уақтылы бермей салғырттық танытқан. Осыдан соң гемодиализ орталығының директорымен кикілжіңге келіп қалыпты. Кейін оны барлық емхана қабылдамай қойған. Орталық алаңға алып-ұшып жеткен облыстың бас дәрігері науқасты дереу жеке емханаға орналастырамыз деді. Дегенмен бұл азамат дәрігерлермен бірнеше рет жанжалдасып, тіпті дәрігерлерге қол жұмсаған екен. Сондықтан оған орталық қызмет көрсетуден бас тартқанын айтты.

Қайсар Абдалиев, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бұл азаматта дәрігерлермен түсінбеушілік жағдай болып, дәрігерлерге қол көтерген. Сол себептен диализ жасайтын Бибінұр жеке клиникасы бас тартқан. Бірақ бізде, облыста одан да бөлек бірнеше жеке клиника бар. Қазір мен сол клиникалармен кездесіп, келісіп отырмыз. Сол жақта диализін жалғастыратын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде