{metadescription}
Жыл сайын жол апатынан екі мыңға жуық қазақстандық ажал құшады
Жыл сайын жол апатынан екі мыңға жуық қазақстандық ажал құшады

Жыл сайын жол апатынан екі мыңға жуық қазақстандық ажал құшады

Жыл сайын жол апатынан екі мыңға жуық қазақстандық ажал құшады. Оның тең жартысынан астамы — жасөспірім. Ал таяудағы Алматыда бірнеше адамның өмірін қиған жол апаты мегаполистердегі проблемаларды көрсетті. Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай осылай деп, бұл түйткілдің түйінін дереу шешу керегін айтып, Үкімет басшысының атына сауал жолдады.

Бибігүл Жексенбай, Сенат депутаты:

Өткен аптада Алматыда автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың кесірінен аялдамадағы үш адам, соның ішінде төрт баланың анасы, ерлі-зайыпты ұстаздар қайтыс болды. Бұл жол-көлік оқиғасы еліміздегі мегаполистердегі шешілмей келе жатқан бірқатар өткір мәселелерді көрсетіп отыр. Қоғамдық көліктерде қауіпсіздік мәселесі мүлде қарастырылмаған, аялдамалардың көбісі көлік жолына тым жақын орналасқан.

Еске сала кетейік, өткен жұмада Алматы қаласындағы Райымбек даңғылының бойында жантүршігерлік жол апаты болған. №47 бағыттағы қоғамдық көлік жолдың жиегінде тұрған бір топ адамды қағып өтті. Үш адам көз жұмып, төртеуі ауруханаға түскен. Марқұмдардың артында 4 бала тұл жетім, үшеуі әкесіз қалды. Қайғылы оқиғаға жүргізуші мен жолаушы арасындағы дау себеп. Жолаушы рөлде отырған әйелге жұдырығын ала жүгірген. Соққыдан тізгіндегі әйел есінен танып, автобус бар жылдамдығымен жол жиегіндегі аялдамада тұрғандарды жаншып өткен. Қазір қайғылы оқиға қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдікті жолаушы екі айға қамауға алынған. Ал жүргізуші әйел ауруханада емделіп жатыр. Автобус тізгінінде болған 36 жастағы келіншекке қатысты қандай шара қолданылатыны әлі белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.