{metadescription}
Астролог пен нумерологтардың 2024 жылға болжамы
Астролог пен нумерологтардың 2024 жылға болжамы

Астролог пен нумерологтардың 2024 жылға болжамы

Молшылық пен табыс жылы. Нумеролог, астрологтардың жаңа — 2024 жылға қатысты болжамы қандай? Табалдырықтан аттағалы тұрған Ұлу жылынан не күтеміз? Сала мамандарының пікіріне құлақ түрсек.

Күнтізбе ауысқан сайын сол жылдың беталысын бағамдайтын қазір түрлі маман көп. Әрине, адам баласы алдында не боларын нақты аңдамаса да, ғылым дамыған заманда шама-шарқынша болжау трендке де айналғандай. Қоян жылының қоштасатын сәті жақындады. Босағаның ар жағында Ұлу есіктен сығалап тұр. Ендеше 2024 жыл Ұлу жылында бізді не күтіп тұр? Сала мамандарының болжамына, табиғат тылсымына, бабалар дүнитанымына үңіле отырып, алдағы күнге көз жүгіртік көрейік.

Әлімсақтан түркі жұрты, оның ішінде қазақтар Ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдаған. Ұлу суда жүретін болғандықтан, құрғақшылық қаупі жоқ. Жыл тыныштықпен, береке-молшылықпен өткен. Белгілі астролог Болат Бопайдың да пікірі осыған саяды.

 Болат Бопай, астролог:

Келер жылымыз халқымызға молшылық, жақсылық, бейбітшілік, тоқшылық әкеледі. Ауа райы жөнінен алып айтқанда, ұлу дымқыл жерде өмір сүреді. Сондықтан жазда жаңбырлы, егін бітік, шөп шүйгін шығады деп қаралады. Сондықтан бұл келетін жылды бүкіл әлемге, халқымызға жақсылық жыл деп есептеймін.

Бейбіт өмірді сүйетін, жаны тыныштықты қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Көпшілік аузынан тастамайтын нумерологияның дегеніне сенсек әрбір санның өзіндік мәні мен қуаты бар.

Келер жылдың сандарын бір-біріне қоссақ 8 шығады. Ал бұл сан нумерология бойынша жетістік пен молшылықтың символы екен.

Әдемі Мәуленова, нумеролог:

2024 жыл табысты жыл. Кейбір адамға осындай төмен жыл деп саналады. Бірақ та төмен жыл болмау үшін өте маңызды жылдың басынан бастап біреуге көмектесіп, кешірім сұрап, кешірімді болу керек. Және де барлық құжатқа тиянақты болу керек. Өйткені 2024 жыл 0439, яғни шашыраңқы адамдарды ұнатпайды. 2024 жылы өте тиянақты болу керек.

Қалай дегенмен қандай болжам жасағанмен, әр адам өз тағдырының иесі. Ұлу жылы жақсылықтың бастауы болар деп сенейік. Ескі жылды есірке, жаңа жылды жарылқа!

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде