{metadescription}
Алматыда «Арена» атты спектакльдің тұсауы кесілді
Алматыда «Арена» атты спектакльдің тұсауы кесілді

Алматыда «Арена» атты спектакльдің тұсауы кесілді

Су жаңа қойылым. Алматыда «Арена» атты спектакльдің тұсауы кесілді. Туындыда автор қарапайым өмірдің драмасын өнер арқылы сахнаға алып шығуды мақсат еткен. Яғни ұлттық, қазіргі әлеуметтік жағдай шынайы сахналанды.

Кеше ғана шымылдығын ашқан қойылымды тамашалауға жиналғандардың қарасы көп. Аңыз адам Асанәлі Әшімов пен айтыстың төресі Жүрсін Ерман да қадірлі қонақтар қатарында. Ақсақалдар жаңа туындыға ақ жол тілеп, өз баталарын берді.

Драма жүректен орын алып, көптің көкейіне ой саларына сенеді. Ал автордың айтуынша, өзге спектакльден өзгерек шыққан бұл туынды өр сөз, шытырман оқиға желісімен ерекше өрнектелген. Дайындығына екі ай уақыт кетіпті. Әзірге қатарда 30 әртіс бар. Театр ұжымы көрермен сұранысы артып жатса, аталған драмамен елімізді аралап гастрольге шығуға да ниетті.

Бақыт Беделхан, «Арена» қойылымының авторы

"Аренаның" мағынасы сан түрлі. Қарап тұрсаң, цирктің аренасы бар. Саяси арена, әлемдік арена дейміз ғой. Сол сияқты бұл өте кең мағыналы сөз тақырыбы. Өмірдің өзі, мына жалғанның өзі бір арена сияқты, түсінген адамға. Сол кезде, сол аренада әркім өзінің мақсат, мұраты үшін күреседі. Әділеттік үшін күреседі. Жақсылыққа жету үшін талпынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде