Сауалнамада ер адамдар жыныс мүшем кішірейеді деген, миды ойламаған
Темекі өкпені қарайтып қана қоймай, мидың көлемін де кішірейтіп жібереді. Бірнеше жыл бойы ауқымды зерттеу жүргізген шетелдік ғалымдар осындай тоқтамға келді. Олар күнделікті темекі тартатындар мен өмірінде мүлде шылым шекпегендердің миын салыстырып көрген. Сөйтсе темекіге тәуелді адамдардың ми көлемі 7,1 текше сантиметрге кішірек екен.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
28.12.2023
Мұндай жаңалықты ашқан Вашингтон және Солтүстік Каролина университетінің зерттеушілері. Олар 2006-2010жылдар аралығында 28 мың адамның басын МРТ-ға түсіріп суретін сақтаған. Арада екі-үш жыл өткен соң дәл сол қатысушылардың миын қайта түсіреді. Екі суретті алып салыстырғанда, темекі мүлде шекпейтіндер никотинға тәуелді адамдардан ақылдырақ болады деген тұжырымға келіпті.
Динара Серікбаева, nizhevred.kz сайтының бас редакторы
— Біз сол зерттеуді алып аудардық, қазақшаға да, орысшаға да. Біздің порталға сол жайында жаздық. Оқырмандарға, қазақстандықтарға темекі тарту өкпеге ғана әсер етпейді, мидың көлеміне де әсер етеді. Мидың көлемі 49 7 куб сантиметрге кішірейеді екен.
Осылайша шетелдік ғалымдардың зерттеуіне қызығып отандық журналистер де елде сауалнама жүргізіп көрді.
Динара Серікбаева, nizhevred.kz сайтының бас редакторы:
— Ер адамдардың арасында жүргіздік. «Қалай ойлайсыз, темекі шегуден і қандай мүшенің көлемі кішіреиеді» деп сұрадық. .Ер адамдар болғаннан кейін, кішіреумен байланысты болғаннан кейін, көбісі өзінің жыныс мүшесі жайында айтты. Сол кішірейеді деп. Ешкім ми жайында ойламаған.
Ия, күлкілі болып көрінгенімен, сауалнамадан өткендердің сөзінің жаны бар. Өйткені расында да темекіні тұрақты түрде тарту ер адамның жыныс мүшесіне кері әсерін тигізбей қоймайды. Сайып келгенде жаман әдетттен мүлдем арылған жөн. Алайда қолыңнан келмесе, зияны азырақ бола ма нұсқасына ауысқан абзал дейді дәрігерлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!