{metadescription}
Қызылша: Астана мен ШҚО-да екі бала көз жұмды, 15 баланың жағдайы ауыр
Қызылша: Астана мен ШҚО-да екі бала көз жұмды, 15 баланың жағдайы ауыр

Қызылша: Астана мен ШҚО-да екі бала көз жұмды, 15 баланың жағдайы ауыр

Астана мен Шығыс Қазақстан облысында қызылшадан екі бала көз жұмды. Нәрестелер бір жасқа да толмаған. Ал жансақтау бөлімінде жатқан 15 баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Айжан Есмағамбетова айтты.

Айжан Есмағамбетова, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, бас санитар дәрігер:

Бір жасқа толмаған сәбилер. Яғни екпе алу жасына жетпеді. Бір бала шала туып, аурушаң болған, оның үстіне қызылша қосылған. Ал 15 балаға келер болсақ, олардың барлығы өңірлерде. Министрлік әрбіреуінің жағдайын бақылауда ұстап отыр. Қызылша – жұқпалы ауру, кез келген жұқпалы ауру цикл бойынша сипатталады, қызылшаның циклі шамамен 5-7 жылды құрайды.

Жыл басынан бері қауіпті дерттің 28 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның 80 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Жұқпалы ауруға шалдыққандардың үлесі әсіресе Алматы мен Шымкент қаласында және Жамбыл мен Маңғыстау облысында көп.

Астанада да жағдай күрделі. Тәулігіне 45 адамнан қызылша анықталады. Денсаулық сақтау министрлігі дерттің дендеп бара жатқанын екпе салу деңгейінің төмендігімен байланыстырады. Ведомство жүргізген сараптамаға сәйкес, ата-аналардың бір бөлігі жеке ұстанымы бойынша вакцина салдыруға қарсы. Енді бірі екпеден діни ұстанымына байланысты бас тартқан. Ал қалғаны вакцинация жайлы толық білмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде