{metadescription}
А.Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталған 4 азаматқа қатысты пікірін айтты
А.Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталған 4 азаматқа қатысты пікірін айтты

А.Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталған 4 азаматқа қатысты пікірін айтты

«Қалған өмірін мен үшін түрмеде өткізгенін қаламаймын. Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталып жатқан өзге төрт азаматқа қатысты осындай пікірін білдірді. Қазір «Алтын адам көрмесі» мен «Дипломат» қонақүйіне қатысты істер біріктіріліп, жаңаша айыптау актісімен қаралуда.

Айыпталушылардың қатарында экс-министрден бөлек, Абай Сатыбалдин, Леонид Кочетов, Алмас Нұразхан, Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасова бар. Олар бұған дейін «Алтын адамның» әлем мұражайларындағы көрмесі бойынша 7 жылға сотталған-ды. Үкімі шығып қойған істің қазір «Дипломат» қонақүйіне қатысты іспен неге біріктірілгені барлығына беймәлім. Айыпталушылар істің мән-жайын біліп-тануға уақыт аз деп шағымдануда. Сондай-ақ бүгін осы сот отырысын өткізуге тиіс судьяның қандай себеппен ауысқаны белгісіз.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, айыпталушы:

Қазір сот болып жатыр. Отырған жігіттердің ешқайсының кінәсі жоқ. Ешқандай қылмыс, ешқандай ізі де жоқ. Былайша айтқанда, ешқандай фактісі де жоқ. Бәріне «Мұхамедиұлына сыйлық апарып бердіңдер» деп айтыңдар деген. Барлығы «ондай болған жоқ» деп. Оларда намыс бар. «Айтпасаңдар, отырғызамыз» деді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде