{metadescription}
Үкімет тоғыз түрлі азық-түліктің бағасын реттемейтін болды
Үкімет тоғыз түрлі азық-түліктің бағасын реттемейтін болды

Үкімет тоғыз түрлі азық-түліктің бағасын реттемейтін болды

Жаңа жылдан бастап 9 түрлі азық-түліктің бағасын Үкімет реттемейтін болды. Сауда министрлігі осылайша әлеуметтік маңызы бар өнімдердің құнын реттеуден бас тартуды кезең-кезеңімен жүргізуді көздепті.

Келесі жылдан бастап тұз, ұн, макарон, қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп және жұмыртқаның бағасы қадағаланбайды. Ал 2025 жылы тағы 10 тауардың шекті бағасы алынып тасталады   сәбіз, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы, сиыр, тауық еті, айран, сары май, сүзбе . Осылайша екі жылдан кейін түгел әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын нарық өзі реттейді.

«Аталмыш өзгеріс отандық өндірушілерді бәсекеге қабілетті қылады» дейді министрліктегілер. Ал бұл шешімнен азық-түлік бағасының одан бетер шарықтап кетпейтінін шенеуніктер осыған дейін айтқан болатын. Айтуынша,  әрі кетсе бір-ақ пайызға өсуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде