{metadescription}
Шулы мәлімдемелер: «Токиодан мықты», «85 мың жалақы — жеткілікті», «Айканың тізімі»
Шулы мәлімдемелер: «Токиодан мықты», «85 мың жалақы — жеткілікті», «Айканың тізімі»

Шулы мәлімдемелер: «Токиодан мықты», «85 мың жалақы — жеткілікті», «Айканың тізімі»

«Токиодан мықты», «85 мың жалақы — жеткілікті» және «Айканың тізімі». Өтіп бара жатқан жылда даулы мәлімдемесімен бұқараны шулатқан шенеуніктер де, шоу-бизнес өкілдері де аз болмады. Дүйім жұрттың талқысына қалғандардың арасында «мен» деген министрлерден бастап, депутаттар қостап, атақты спортшылар мен небір өнер иелері де қалыс қалмады.

Анталия да, Анкара да емес, «Токиодан асып түсеміз». Цифрландыру министрі Бағдат Мусиннің даулы мәлімдемесін дүйім жұрт талайға дейін ұмытпасы анық. Шенеуніктің Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан «біраз қаланы артта қалдырады, тіпті Токионы да» ... Осылайша Мусиннің асығып айтамын деп, асылық айтқаны бар.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Біз 35 қаланы шаң қаптырдық! Токиомен қатар, тіпті Токионы да басып оздық!

Айтыс өнерінен кейін Төменгі палатаның төрінен шыққан депутат Ринат Зайытовтың Мәжілісте ысқырғаны да, түшкіргені де, биыл ел ауызынан түскен емес. Сұхбаттарының бірінде «Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар» деп, мәжілісмен сау басына сақина тілеп алды. Осы оқиғадан кейін оның тәртібі Мәжілісте қаралып, тіпті ізіне түскендер де бар.

Ринат Зайытов, Мәжіліс депутаты:

Намазхандардың 80 пайызы алаяқ деп, ана сөзді өзгертті де, ортаға тастай салды. Шын мәнінде бұл бар факті. «Домбыра харам» деп жүрген адамдар, исламға іріткі салып жүрген топтарды түзеп алуы керек.

Ринат басы даудан арылмаған жалғыз депутат емес. Жигули Дайрабаев пен Дәулет Тұрлыханов та ұлдарының тентектігі үшін бірақ қызаруына тура келді. Дайрабаевтың ұлдарын құқық қорғау органдары бірінен соң бірін сотқа сүйресе, Тұрлыхановтың қос мұрагері қыздарға жұдырығын ала жүгіргенін қараша қайдан ұмытсын. Осы жағдайдан кейін қос мәжілісмен мандатын тапсырсын деп халық шулағанымен, екеуі де жылы орнын әзірге босата қоймады.

 Дәулет Тұрлыханов, Мәжіліс депутаты:

Ол ересек бала,  әкежан, мәселесін өздері шешеді.

Сіз өзіңіз қол көтеріп көрдіңіз бе?

Мен тек кілемде күресемін.

Бұқараның қытығына тиген келесі бір даулы мәлімдеме еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің аузынан шыққан сөз. Шенеунік 85 мың теңгеге «әлбетте тым жақсы өмір сүруге болады» деп, айлығы шайлығына жетпей отырған жұрттың қытығына тиді. 

Олжас Ордабаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма? Әрине, болады. Бірақ қазір әр салада еңбекақы  мөлшері өсу керек. Осы әдіспен айналысып жатырмыз.

Жұрт талқысына түскені тек бұл емес. Шоу-бизнесте де оқтын-оқтын бұзақылық жасап тұратын «Ұлы дала баласы» Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас та биыл біраз сөзге ілікті. Алғашқысы жол ережесін бұзғанымен қоймай, тәртіп сақшыларымен жаға жыртысса, кейінгісі қалталы азаматтарға интим қызмет көрсететін «Айканың тізімінен» табылды.

Ал Қызылорда облысының әкімі тілімен емес, салтанатты шарадағы түсініксіз эмоциясымен көптің талқысына түсті. Тұрғындарға пәтер кілтін табыстау кезінде Нұрлыбек Нәлібаевтың қарадай міндетсініп жұлқынғанын жұрт түсінбей дал болды. Ақ жағалы кейін видеоның монтаждалғанын айтып ақталды. Сондай-ақ депутат әрі миллиондаған оқырманы бар блогер Дәулет Мұқаев өз парақшасында тұрғын үйлерді жиі жарнамалап тұратыны белгілі. Қазір «Дәулеттің сөзіне сеніп далада қалдық» деп даурыққан үлескерлер депутаттың отставкаға кетуін талап етуде.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде